Швейцарияның байқаушылары Қазақстандағы сайлау мінсіз өтті деп санайды

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы таза әрі мінсіз өтті. Швейцариянның Демократия және коммуникациялар институтының директоры Питер Штатуб елімізде өткен президенттік сайлауға осындай баға берді.

Швейцарияның байқаушылары Қазақстандағы сайлау мінсіз өтті деп санайды

«Иә, біз 6 сайлау учаскесінде болдық. Ол жерлердегі дауыс беру жұмысымен танысып, сайлау науқанының таза әрі мінсіз өткендігіне көзіміз жетті. Бәрі әділ болды. Біз ешқандай кемшіліктерді байқаған жоқпыз», - дейді П.Штатуб. Өз сөзінде шетелдік байқаушы сайлауалды үгіт-насихатқа бөлінетін уақытты ұзарту қажеттігін ерекше атап өтті. «Мен өз кезегімде кандидаттардың сайлауалды жұмыстарына қажетті мерзімді ұзарту бойынша кеңес берер едім. Оған 5-6 ай берілсе, Қазақстанның демократиялық ұстанымы күшейер еді. Жалпы, Қазақстанда өткен президенттік сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Еуроодақтың барлық талаптарына жауап береді», - деп атап көрсетті П.Штатуб.