Швейцарлық су астында 19 минут 21 секунд ауасыз өткізіп, рекорд орнатты

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Швейцарияда су астында ауасыз отырудан жаңа рекорд орнатылды.
None
None

"Трибюн де Женев" газетінің жазуынша, Цюрих тұрғыны су астында 19 минут және 21 секунд ауасыз өткізіп, рекорд орнатқан. Дерек көздің хабарлауынша, 38 жастағы альпинист Петер Колат бұған дейінгі әлемдік рекордты 19 секундқа жаңартып отыр.

Петер Колат өз интернет-сайтында, «ерлігі үшін» Гиннестің рекордтар кітабына еніп отырғанын жазады. Ережеге сәйкес, суға сүңгудің алдында адам бір рет оттегі баллонымен демалуға құқылы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум