Швейцария 2026 жылға президент сайлады

АСТАНА.KAZINFORM - Швейцарияның экономика министрі Ги Пармелан екінші рет президент болып сайланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Ги Пармелена во второй раз избрали президентом Швейцарии
Фото: Pacific Press

Swissinfo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол сәрсенбі күні Швейцария Халық партиясы атынан 2026 жылға президент болып сайланды. Ги Пармелан 210 жарамды бюллетеньнің 203 дауысын алды.

Радикалды либералды партия министрі Игнацио Кассис 190 жарамды бюллетеньнің 144 дауысын алып, вице-президент болып сайланды.

66 жастағы Пармелан келесі жылы үкіметті басқарып, Сент-Галлен кантонынан сайланған радикалды либералды өкіл Карин Келлер-Саттердің орнына келеді. Бұл Во кантонынан шыққан саясаткердің екінші мерзімге сайлануы.

Швейцария президентіне дауыс беру парламентте өтті. Пармелант АҚШ тарифтерін төмендету келіссөздерінде маңызды рөл атқарды.

Көптеген елдерден айырмашылығы, Швейцария президентінің нақты өкілеттігі жоқ, бұл өкілеттік бүкіл ел атынан ұжымдық орган, Федералды Кеңес (үкіметке ұқсас) арқылы жүзеге асырылады. Оның жеті мүшесінің әрқайсысы бір жыл бойы ротациялық негізде президент қызметін атқарады.

Шетелде ресми түрде Швейцария атынан сөйлеумен қатар, президент Федералды Кеңестің отырыстарында төрағалық етеді және дауларды шешуге көмектеседі.

Бұған дейін Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1,1 млрд долларға жеткенін хабарлаған едік.