Швейцариядағы өрт: Зардап шеккендерді анықтау аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа жыл түні Швейцарияның Кран-Монтана тау шаңғысы курортындағы Le Constellation барындағы өрт 40 адамның өмірін қиды. Қаза тапқандардың жасы 14 пен 39 аралығында, марқұмдардың 15-і кәмелет жасқа толмаған, деп хабарлайды ВВС.

Швейцариядағы өрт: Зардап шеккендерді анықтау аяқталды
Фото: BILD

Құрбандар арасында Швейцария, Италия, Румыния, Түркия, Португалия, Франция, Бельгия, Ұлыбритания және Израиль азаматтары бар.

Оқиғада 119 адам зардап шекті, олардың көпшілігі ауыр күйікпен ауруханаларға жеткізілді. Алты мәйіттің жеке басы әлі анықталған жоқ.

Барды басқарған ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Швейцарияның оңтүстік-батысындағы Кран-Монтана тау шаңғысы курортындағы барда болған өрттен шамамен 40 адам қаза тауып, 110-нан астам азамат жарақат алды.

Олардың арасында француз футболшысы да бар. «Мец» футбол клубының 19 жастағы ойыншысы Тахирис Дос Сантос ауыр жарақат алып, Германияның Штутгарт қаласындағы күйік шалған науқастарды емдеуге маманданған медициналық мекемеге жеткізілген.

Қайғылы жағдайға байланысты Швейцарияда бес күндік аза тұту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар