Шығармашыл жастардың бесінші «Алматы - жастар қаласы» өнер фестивалі болды

Ы. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы әкімдігінің қолдауымен қала күні мерекесіне орай Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры шығармашыл жастардың V мерейтойлы «Алматы - жастар қаласы» өнер фестивалін ұйымдастырды,

  Шығармашыл жастардың бесінші «Алматы - жастар қаласы» өнер фестивалі болды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Жыл сайын өткізілетін өрісті ұрпақтың өнерін саралайтын фестиваль, алдымен мемлекеттік жастар саясатының ұстанымдарына баулиды, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне ерекше мән беріп, туған жерге деген ыстық махаббатын оятады. Осындай сайыстарда бағын сынаған жастарымыз дәстүрімізге, мәдениетімізге және ұлттық құндылықтарымызға бір табан жақындайды, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласады», дейді ұйымдастырушылар.

Биылғы фестивальдің бір ерекшелігі, қатысушыларға қойылатын талап күшейген, яғни байқауға қатысуға қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардың бас жүлдесін еншілегендер және өнер оқу орындарының студенттері қатысуда.