Шығармашылық саласындағы жастарға ауыз ашар берді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат. /Ербол Азанбек/ -Кеше Алматыда «Жас Отан» жастар қанаты жанындағы «Заңғар» шығармашылық бірлестігі мен «da Қазақстан» журналы шығармашылық саласында жүрген жастардың басын қосып, ауызашар берді.
None
None

Көңіл қуантарлығы жастар арасында ауыз бекітіп, ораза ұстағандар көп екен. Шараға 100-ге жуық жас журналистер, тележүргізушілер, әншілер мен кино, театр жұлдыздары мен белгілі өнер тарландары қатысты. «Бүгінгі шараның басты мақсаты қасиетті айда ораза ұстаған өнер мен мәдениет, журналистика, әдебиет саласында жүрген танымал жастарға ауыз аштырумен қатар басын қосып, таныстыру. Өйткені болашақ зиялы қауым осы жастар» деді «da Қазақстан» журналының бас редакторы Мәлік Отарбаев.

Шара барысында Мәлік Отарбаев пен «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің төрағасы Айдар Қырықбай ораза айымен құттықтап, жақында Астанада өткен «Жас Қаламгер» форуымының жұмысына белсене қатысқан Егемен Қазақстан газетінің тілшісі Айнаш Есали мен белгілі актер Азамат Сатыбалдыға алғыс хат тапсырды. Сондай-ақ белгілі жас күйші Мұрагер Сауранбаев пен жыршы Ақан Әбдуәлиев күй мен жырдан шашу шашты. «Еуразия диалогы» платформасы туралы деректі фильм көрсетіліп, арнайы шақыртылған имамның уағызы тыңдалды. Шара соңында құран бағышталды.

Соңғы жаңалықтар