«Шығармашылықта шекара жоқ» фестивалі мүмкіндігі шектеулі жандарды біріктірді

Сайттың жазуынша, «Шығармашылықта шекара жоқ» фестивалі мүмкіндігі шектеулі талантты адамдарды анықтап, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, сондай-ақ, мүгедектерге көмектесіп жүрген мемлекеттік және қоғамдық орындардың қызметін жандандыру мақсатында ұйымдастырылуда.
Аталған жоба кешіне түрлі дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
Фестиваль аясында декоративті-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтіп, онда қатысушылар өздерінің декоративті-қолданбалы өнерлерін көрсетті. Шахмат пен дойбыдан турнир ұйымдастырылып, концерт қойылды. Концертте мүмкіндігі шектеулі адамдарды біріктіріп отырған қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мүгедектердің өздері өнер көрсетті.
Фестивальге Қазақ саңыраулар қоғамы, Соқырлар қоғамы мен «Жас Нұр» саңыраулар қоғамы өкілдері қатысты.