Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шығарылған өнеркәсіп өнімдері ең төмен 7 өңір белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңдеу өнеркәсібінің өсуі 0,6 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығарылған өнеркәсіп өнімдері ең төмен 7 өңір белгілі болды

«Индустриялық бағдарламаның арқасында бүгінгі күні кен өндіру өнеркәсібіндегі төмендеудің орны өңдеу салаларындағы оң серпінмен толығып отыр. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңдеу өнеркәсібінің өсуі 0,6 пайызды құрады. Өңдеу бөлінісінде металлургия өнімдерін өндіру - 7,8, ағаш бұйымдары -  8,7, тамақ өнімдері - 3,5, дәрі-дәрмек препараттары - 2,1, резеңке және пластмасса - 1,8, сондай-ақ мұнай өңдеу 0,4 пайызға өсті», - деді ол.

Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өсімге машина жасаудағы 18,6 пайыздық төмендеу  кері әсер етуде. Бұл ретте өңірлік бөліністе өнеркәсіп өнімдері шығарылымының өсуі 9 өңірде, төмендеу 7 өңірде тіркелген.

«Көшбасшы үштікке 5,2 пайыздық өсіммен Қарағанды облысы, 4,9 пайыздық өсіммен Оңтүстік Қазақстан облысы,4,5 пайыздық өсіммен Ақмола облысы кірді. Ең көп төмендеу Қызылорда облысында - 10,0, Маңғыстау облысында  - 3,6, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында - 2,5 пайызға байқалып отыр», - деді Бишімбаев.