Шығыс Африканың бес мемлекеті бірыңғай валюта айналымын енгізбек
АСТААНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шығыс Африка қауымдастығына енетін бес мемлекет - Бурунди, Кения, Руанда, Танзания және Уганда бірыңғай валюта туралы келісімге қол қойды.
Бұл мемлекеттердің президенттері Уганда астанасы Кампал қаласында кездесіп, валюталық одақ құру туралы келісімге қол қойды. Келісім таяу он жылдың ішінде іске асырылуы тиіс.