«Шығыс» аймақтық басқармасы үздік шекарашыны анықтады
ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Шығыс» аймақтық басқармасы үздік шекарашыны анықтады.
2009 жылдың қорытындысы бойынша «Шығыс» аймақтық басқармасының үздік шекарашысы болып «Сарыбухтер» шекара заставасы бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант Бақытжан Шаданов танылды.