Шығыс Еуропада Hyperloop дыбыстан ұшқыр пойызын іске қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Hyperloop Transportation Technologies компаниясы Словакия үкіметімен Братиславаны Венамен және Будапештпен жалғайтын дыбыстан ұшқыр көлік жүйесін құрастыратыны туралы шартқа қол қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Mashable хабарлады.
None
None

Қазір Словакия астанасынан Австрия астанасына автомобильмен жету бір сағат - Hyperloop мұны 8 минутқа қысқартады. Бұдан басқа, пилоттық жоба Еуропаны жаңа технологияға тарту мақсатында қолға алынды.

Mashable журналистерінің сұрақтарына жауап берген компания басшысы Дирк Альборн (Dirk Ahlborn) словакиялық Hyperloop таяуда пайда болатынын айтты. Алайда Альборн нақты уақытын мәлімдемеді. Әлі де нақтыланбаған біраз маңызды факторлар барын алға тартты. Еуроодақ пен словакиялық инвесторлар өкілдерімен бірлескен отырыстан кейін жоба сметасы нақты бекітіледі.

Словакия экономикасы Орталық Еуропада ең дамығандар қатарында болмаса да, Альборн елдің машина жасау, материал жасауда көшбасшы екенін атап өтті. Volkswagen Touareg, Audi Q7 және Porsche Cayenne жинақтау зауыттары да сол жақта. Бұдан басқа, братиславалық AeroMobil фирмасы 2017 жылы ұшатын көліктер шығаруды бастауды жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар