Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шығыс Голливудтағы атыс: екі адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте бірнеше ірі көше бандасы бар.

Шығыс Голливудтағы атыс: екі адам қаза тапты

Лос-Анджелестің Шығыс Голливуд ауданындағы атыс салдарынан екі адам қаза тауып, екеуі жарақаттанды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Оқиға Мелроуз-Авеню көшесінде орын алды. Оқиға орнына жеткен полицейлер жарақаттанған 4 адамды байқады. Олардың екеуі қаза тауып, екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, атысты латынамерикалыққа ұқсас 20 жас шамасындағы жігіт бастады. Қара киім киген жігіт лос-анджелес көшелеріндегі бандалардың бірінің атауын атап, бір топ адамға оқ жаудырды, дейді куәгерлер.  Алайда полиция бұған сүйеніп, күдіктінің неліктен мұндай әрекетке барғанын кесіп айта алмайды.