Шығыс Ильинкадағы бөгеттің неден жарылғаны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы Шығыс Ильинканың тұрғын үй аумағындағы бөгеттің жарылу себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Ильинкадағы бөгеттің неден жарылғаны белгілі болды

«Ильинкада 600 метр бөгетті бекітуіміз керек. Ол жерде өткен жылы 200 метр аумақты су жырып кеткен болатын. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясымен бірге қазіргі уақытта айналма жолды салып жатырмыз. Яғни, айналма жолды салу кезінде су ығысып, дамбаның жарылуының бір себебі осы болған», - деді қалалық отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев елордадағы көшпелі брифинг кезінде.

Басқарма басшысы сондай-ақ, аталмыш мәселені шешу үшін нақты қандай шаралар іске асырылып жатқанын тілге тиек етті.

«Қазіргі уақытта ол айналма жолға үш таған орнатылды (су өтуі үшін). Жол ашылғаннан кейін су бөгет жаратындай жиналмайтын болады», - дейді ол.

Еске сала кетсек, былтыр Facebook әлеуметтік желісіндегі «Астана - Что? Где? Когда?» тобының мүшесі Рәмзия Нұрқышева Шығыс Ильинка ауылында бөгеттің бұзылғаны туралы жазба қалдырған еді. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов ол шағымға жауап берген болатын.

Иллюстрациялық сурет