Шығыс Қазақстан: Депутаттар азаматтарды қабылдап, еңбек ұжымында кездесулер өткізеді

«Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Жанат Жарасов, Николай Кузьмин және Светлана Ферхо Семей қаласындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңсесінде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдап, сайлаушылардың талап-тілектеріне назар аударды.
Сонымен қатар бүгін депутат Ж.Жарасов Семей қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті басқармасының жеке құрамымен және Семей қаласының шекаралық бақылау жасағының жеке құрамымен кездесулер өткізеді.
Кездесулерде парламентшілер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы және бесінші парламенттік шақырылым басталған сәттен бергі өздерінің заң шығарушылық қызметтері туралы түсінік беруде.
Сондай-ақ жақында Қазақстанда күшіне енген «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңдары төңірегіндегі ойларымен де бөлісетіні қарастырылған.
Ертең 11 сәуірде, депутат Жанат Жарасов Өскемен қаласында өтетін тұрғын үй-комуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелге қатысуды және «Үлбі металлургия зауыты» және «Қазмырыш» өндіріс орнының еңбек ұжымымен кездесуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар депутат облыстың аудандарын аралайды.