Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы бірқатар қала, ауданда екінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты Семей қаласында екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды. Сондай-ақ Бородулиха, Бесқарағай аудандарындағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды. Қалған аудандарда оқушылар үшін сабақ дәстүрлі форматта өтеді.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, Өскемен қаласында екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары онлайн форматта білім алады.
Еске салсақ, бүгін таңертең екі облыстың бірқатар қала, ауданында оқушылар мектепке бармаған.