Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының үздік тауар өндірушілері анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының үздік тауар өндірушілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының үздік тауар өндірушілері анықталды

Өскемен қаласында «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесінің өңірлік кезеңі өтті. Оған Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының үздік тауар өндірушілері қатысқан.

Көрмеде барлығы 80-ге жуық тауар өндіруші өз өнімдерін ұсынды. Шараның ұйымдастырылуына облыстық Кәсіпкерлер палатасы мұрындық болып отыр.


«Әр уақытта ШҚО-ның алты кәсіпорны конкурс лауреаттары атанып келе жатыр. Биыл қазылар алқасы үш номинация бойынша үш жеңімпазды анықтады . «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында «SP get» ЖШС, «МЅК GROUP KZ», «Казэлектромаш» ЖШС компаниялары жеңімпаз атанды. «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында «Керемет ЖК», «Терра Вита» ЖШС, «Роза киіз басу комбинаты» ЖШС үздік болды», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.


«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясының көшбасшылары болып «ARNNA MINERALS» ЖШС, «Багратион Ұлан» ЖШС, «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» ЖШС танылды.

«Енді алдағы республикалық байқауға ШҚО-ның атынан 9 кәсіпорын қатысады. Аталған іс-шаралар отандық өнімді ілгерілетуге және бизнесмендер арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға ықпал ететінін атап өткім келеді», - деді аймақ басшысы.