Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында бұрқасын болады деп күтілуде - ауа райы
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының кейбір жерлерінде 24 қарашада бұрқасын болады деп күтілуде, желдің күші секундына 15-22 метрге жетеді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман түсіп, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз, ал Атырау, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде жел күші секундына 15-20 метрді құрайды.
Алматы облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман, ал Жалаңашкөл ауданында күші секундына 15-20 метр метр болатын жел тұрады.
Сонымен қатар, алдағы күндері республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс облыстарындағы көптеген су нысандарында мұз қатуы күшейе түсуі байқалады.