Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Аппарат жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Аппарат жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
None
None
Оған жалған құжаттар арқылы төмен бағамен мемлекеттік тұрғын үйді сатып, мемлекетке 5,5 миллион теңге шығын келтірді деген айып тағылып отыр. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, лауазымды тұлғалардың осы тектес әрекеттерінің, яғни қызмет өкілеттігін теріс мақсаттарға пайдаланудың салдарынан мемлекет зор шығындарға батуда. Биылғы жылдың басынан бері қаржы полициясы органдары тарапынан осындай 112 факті анықталған. «Солардың бірі - Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы әкімдігінің Тұрғын үй шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы бастығының ісі сотқа жолданды. Ол конкурстық комиссияның төрағасы бола тұра жоспарлау-сметалық құжаттарсыз Шолаққорған ауылының көшелерін электрлендіруге байланысты конкурс өткізіп, «Оңтүстікқазэнергожөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 20 миллион теңгені заңсыз аударып жіберген», - деді ресми өкіл.
Соңғы жаңалықтар
Референдум