Шығыс Қазақстан облысы биатлоннан ҚР спартакиадасында жеңіске жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін биатлон бойынша Қазақстанның қысқы спартакиадасы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау үшін қысқы спорт түрлерінен ең мықты спортшылар анықталады.
Жалпы командалық есепте 980 ұпай жинап, Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңіске жетті.
Екінші орынды Ақмола облысының командасы иеленді – 938 ұпай. Үшінші орында 421 ұпай жинаған Алматы облысының биатлоншыларының еншісінде.