Шығыс Қазақстан облысында 80 орындық мектеп ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Үшбұлақ ауылының тұрғындарына жаңа мектеп тарту етілді. Мұндай сыйды ауыл тұрғындары ұзақ күткен еді, сондықтан 80 орындық мектептің пайдалануға берілуі ауылдағы айтулы оқиғаға айналды.
None
None

Мұнда жарық әрі кең кабинеттер, үлкен акт және спорт залдары, асхана, кітапхана, арнайы компьютер класстары бар. Барлық қажетті құралдармен жабдықталған химия, биология, физика сыныптарында оқушылар зерттеу жұмыстарымен айналыса алады. Интерактивті тақталар мен мультимедиялық кешендер де мұғалімдер мен оқушылардың қолында. Білім беру мекемесін салуға 240 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне келген ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аудан тұрғындарын құттықтады. Ауыл тұрғындары жаңа мектептің балаларға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімді, себебі мектеп техниканың соңғы түрлерімен жасалған.

Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстанда 170 білім беру нысаны - 138 мектеп және 32 балабақша тұрғызылды.

 

Соңғы жаңалықтар