12:27, 26 Наурыз 2022 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жол жабылды
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Сенбіге қараған түні ауа райының күрт нашарлауына байланысты Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы республикалық тас жолының учаскесі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 наурыз күні сағат 03.20-дан бастап ауа райы жағдайының нашарлауына (жолдың көрінбеуі, қарлы боран) байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» (105-123 км) тас жолының учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», - делінген ТЖД хабарламасында.