Шығыс Қазақстан облысында екі учаскеде қозғалыс шектелді
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Өскемен - Зырян - Рахманов бұлақтары (0-166 км) автомобиль жолының Өскемен - Зырян учаскесінде қатынас шектелді.
Қазіргі кезде аталған учаскені қар көшкінінің алдын алу мақсатында жүргізілген қарды арнайы түсіру жұмыстарына байланысты жолды тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігі.
Кеше түнде сағат 20.00-дан бері ауа райының қолайсыздығына (боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты Алматы - Өскемен автомобиль жолының Қалбатау - Аягөз учаскесінде қатынас шектелді.
Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн деп санайды.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет ((7172) 44-46-85 жұмыс істейді. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат күнделікті www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.
«Қазақавтожол» РМК диспетчерлік қызметтерінің байланыс телефондары:
Ақмола облысы /7162/ 77-10-15
Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74
Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36
Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80
Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98
Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05
Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10
Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01
Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30
Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06
Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07
Павлодар облысы /7182/ 57-09-44
Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39
Оңтүстік Қазақстан облысы /7252/ 55-80-95