07:39, 15 Қараша 2012 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысында ер адам өз үйінде өрттен ажал құшты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Шығыс Қазақстан облысының Октябрьский кентінде тұрғын үйде өрт болды, жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нен.
Тілсіз жау екі сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өртті ауыздықтау барысында 65 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.