Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы қайта жанданды
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы қайта жанданды,
деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, 2011 жылғы 6 сәуірде сағат 13.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында Өскемен - Зырян - Рахманов бұлақтары автожолының Ушанов ауылы - Зырянов ауылы (6-164 шқ) учаскесінде көлік қатынасы қайта жанданды.
«Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады», - деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.