Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл соғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл соғады

10 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін.

Жел алдымен оңтүстік-шығыстан, артынша солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін.