Шығыс Қазақстан облысында өрт кезінде бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті

ӨСКЕМЕН. Қазақпарат - Семейде Озерки ауылында жекеменшік үйде өрт шықты, деп хабарлады ШҚО ТЖД-ге сілтеме жасап «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында өрт кезінде бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алып, газ баллонын шығарып үлгерді. Тексеру барысында 52 жастағы үй иесінің мүрдесі табылды.

Екі адам зардап шеккен, оларды терезеден шығарып үлгерді.  Олар жарақат алған, күйген жерлері де бар. Дәрігерлер қарағаннан кейін олар ауруханаға жатудан бас тартты.

Көршілердің айтуынша, тұрғындар бірнеше күн бойы ішімдік ішкен. Жалын іштен тұтанған. Өрт сөндірушілерді куәгерлер шақырған.

Өрт шарпыған алаң 150 шаршы метр. Оны ауыздықтауға сегіз адам, үш арнайы техника жұмылдырылды.

ТЖД-ға сол күні Степной кентінде гараждағы көліктің бөлшектері жанғанын хабарлады. Жалын гараж шатырына, ағаш торларға жайылған. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, оның таралуына жол бермеді. Салдарынан көлік иесі зардап шекті. Оның оң білегі күйген ол травмотология бөлімшесіне жеткізілді.

Өрт шарпыған алаң отыз шаршы метр. Тілсіз жауды ауыздықтауға бес адам, екі техника қатысты.