08:40, 29 Маусым 2012 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысында Ресей аумағынан келген өрт 8 гектар орманды жойды
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні күндіз Шығыс Қазақстан облысының Ауыл орманшылығының аумағына РФ Алтай өлкесінің Веселоярск елді мекенінен өрт келді.

8 гектар жерді шарпыған жалын үш сағаттан кейін сөндірілді. Оған ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ІІД өрт сөндіру қызметінің 26 адамы мен 8 техникасы; «Семей орманы» орман шаруашылығының 10 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.