Шығыс Қазақстан облысында су қоймасының жағасында жергілікті тұрғындар екі снаряд тауып алды
ТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - 28 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданындағы «Алебастр» су қоймасының жағалауында екі снаряд табылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті.
Төтенше оқиғаны жоюға жедел әрекет ету қызметі жұмылдырылды, оның ішінде ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД жеке құрамының 5 адамы мен 1 бірлік техникасы да бар.
ҚР ТЖМ хабарлап отырғандай, арнайы шараларды жүргізу кезінде табылған заттардың диаметрі 85 мм болатын екі жаттығу снаряды екені анықталды. Олар жойып жіберу үшін ҚР ҚМ саперлерімен тәркіленді.