Шығыс Қазақстан облысында тегін медициналық көмек көрсету акциясы басталды

ӨСКЕМЕН. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Асар-Береке» қоғамдық қоры бүгіннен бастап қазанның 24-іне дейін алғаш рет Шығыс Қазақстан облысының аумағында заманауи жабдықтармен жарақтанған жинақы медициналық кешеннің көмегімен, жетекші маман-дәрігерлерді тарта отырып, тегін медициналық көмек көрсету жөнінде қайырымдылық акциясын өткізуде,

Шығыс Қазақстан облысында тегін медициналық көмек көрсету акциясы басталды

деп хабарлады аймақтық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгіннен бастап қазанның 18-іне дейін Аягөз ауданының тұрғындары жоғары кәсіби тегін медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болады. Одан кейін жылжымалы медицина кабинеті Жарма ауданында, одан әрі үш күнде Шар қаласында болады.

Бұл акцияны өткізуге Қордың қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева бастамашы болды.