16:02, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысында жаңа құс фабрикасы ашылады
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 28-і күні Шығыс Қазақстан облысында жаңа құс фабрикасының ашылу салтанаты болады.
Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап,ҚР Шығыс Қазақстан облысына жасайтын жұмыс сапары барысында министр арнайы кеңеске қатысып, жаңа құс фабрикасының ашылу салтанатында болады. Сондай-ақ ол өңірдегі егін егу жұмыстарының барысымен танысып, «Семей орманы» мемлекеттік табиғат резерватында заңсыз ағаш кесу мен өрт шығару әрекеттеріне қарсы іс-шараларға арналған кеңес өткізбек.