Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев кенішінде өрт болды
АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев кенішінде өрт болды,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратынан өрт шықты. Жалын 380 шаршыметр ауданға жайылды. Сағат 07.30-да басталған тілсіз жауды өрт сөндірушілер сағат 15.03-те ауыздықтады.
Сол күні сағат 11.48-де Алматы үй құрылысы комбинатының аумағында да өрт болды. 150 шаршыметр ауданды өрт шалды. Өрт ошағы сағат 12.26-да сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.