Шығыс Қазақстан облысының әкімі азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен кездесті
АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен кездесті.
Кездесуде өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылық пен келісімді сақтау мәселелері, аймақтың алдында тұрған өзекті проблемалар, облысты дамытудың міндеттері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бердібек Сапарбаев өз сөзінде, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының, Үкіметтің «Жол картасы» бағдарламасының негізгі міндеттері аясында облыс басшылығының әлемдік дағдарыстың Шығыс Қазақстанның экономикасына келтіріп отырған салдарларын азайту жөніндегі жұмыстарды жалғастырып отырғанын атап көрсетті. Атап айтқанда, облыстың дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының жобасы талдап жасалып отыр. Кездесуге қатысушылар билік пен азаматтық сектордың бірлескен жұмыстары бұдан да жоғары деңгейге шығуы керек екенін атап көрсетті.