Шығыс Қазақстан облысының автожолдар және жолаушылар көлігі басқармасына жаңа бастық тағайындалды
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бастығы болып Арман Бекбосынов тағайындалды,
деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
Арман Бекбосынов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Көлік және коммуникация министрлігі Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникациялық кешенін дамыту департаментінің автокөлік жолдарын дамыту басқармасының бастығы болған.