Шығыс Қазақстан өрт сөндірушілері үйді жарылыстан сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Жарма ауданы Қалбатау ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

  Шығыс Қазақстан өрт сөндірушілері үйді жарылыстан сақтап қалды

 «Кірген бетте үйдің түтіндегенін байқадым да, дереу құжаттарымды жиыстыра бастадым», - деді үй иесі. Ол үйге ауа кірсін деп есікті ашқан. Жолда кетіп бара жатқан әйел лаулап жатқан өртті көріп, өрт  сөндіру қызметіне хабарласты.
null  

Келген қызметкерлер өмірлерін қатерге тігіп, үйден сыртқа газ баллонын алып шықты. Үйдің ағаш конструкциялары, есік, төбелері жанды.  Үй екі пәтерлік. Өрт сөндірушілердің сауатты іс-қимылы нәтижесінде үйдің екінші жартысын өрттен  сақтап қалды. Нұсқа ретінде сымның қысқа тұйықталуы қаралуда. Жалын шарпыған аумақ сексен шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.
null  

Жалынды жеке құрамнан он адам екі бірлік техникамен ауыздықтады.