Шығыс Қазақстан тұрғындарына таулы жерлерге бармау туралы ескертілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан тұрғындарына таулы жерлерге бармау туралы ескертілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу шаралары «Өскемен-Қатонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолында жүргізілді.

«Құтқарушылар мен «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары аталған тасжол бойында жасанды жолмен жалпы көлемі 4500 текше метр қар түсірді. Бүгінде күн сайын көшкін жүру қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізілуде. Азаматтарға дауылды ескертулерге назар аударып, көшкін жүруі мүмкін таулы жерлерге бармау қажеттігін ескертеміз», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, қыс басталғалы бері облыста 81 рет профилактикалық көшкін түсіру жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде, 80 620 текше метр қар түсірілді.