Шығыс Қазақстан түрмелерінде 10 түрлі ұлт өкілі қызмет атқарады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы түрмелерде 10 түрлі ұлт өкілі қызмет атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай этностар фестивалі өткен.
Департамент қызметкерлері түрлі ұлттардың киімдерін киіп, 7 киіз үйде бас қосты.
Бүгінгі таңда облыстық қылмыстық атқару жүйесінде 10 түрлі ұлт өкілі қызмет атқарады. Олардың ішінде өзбек, әзірбайжан, украин, корей, татар, грузин және белорус бар.

Этностар фестивалінде ҚАЖ қызметкерлері сан алуан ұлттық тағамдарды дайындап, сахнада ән айтып, би биледі.
Олар фестивальге бір айға жуық дайындалған.
