19:45, 29 Мамыр 2023 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда 1 339 адам өзін банкрот деп тануға өтініш берді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1,3 мыңнан астам адам өзін банкрот деп тануға өтініш берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сүйенсек, азаматтардан банкроттыққа өтініш қабылдау осы жылдың 3 наурызында басталған.
Сол уақыттан бері облыс бойынша 1 339 өтініш түсті.
«Жеке тұлғалардың банкроттығын жүзеге асырудың нақты мерзімі жоқ. Осы уақытқа дейін барлығы 173 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталды. Көрсетілген борышкерлер бойынша мәлімет электронды үкімет веб-порталында жарияланған», - дейді департамент басшысы Саят Бимағамбетов.
Сондай-ақ елімізде 22 мамырда конструктор автокөліктерді заңдастыру басталған болатын.
Бүгінгі таңда ШҚО бойынша осындай 2 522 көлік заңдастырылған.
Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.