Шығыс Қазақстанда 12 жасар жеткіншек жоғалып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында із-түссіз жоғалып кеткен жеткіншек іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 маусым күні кешкі уақытта Глубокое ауданының тұрғыны «102» жедел арнасына қоңырау шалған.

Ер адам өз сөзінде 2008 жылғы қызы Кнельц Марина Романовнаның жоғалып кеткенін жеткізді.

«Белгілі болғандай, 18 маусымда жеткіншек Черемшанка ауылындағы үйден сыртқа шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Алайда қыз әзірге табылмады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына волонтерлер де жұмылдырылған.

Осы ретте, тәртіп сақшылары Марина Кнельцтің қайда екенін білгендер болса «102» арнасына хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар