Шығыс Қазақстанда 170 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын салдырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 170 784 бала Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда 170 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын салдырды

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге Pfizer екпесін салу науқаны белсенді жүргізілуде.

«Бүгінгі таңда аталған вакцинаны 191 073 адам алды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы бала саны – 170 784. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 5314 жүкті және 14 975 бала емізетін әйел екпе салдырған», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде.

Қазір осы санаттағы 11 731 адам үшінші рет вакцина алып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстандағы стационарларда 400-ге жуық адам емделіп жатқаны хабарланған.