Шығыс Қазақстанда 2 602 га жер өртеніп кеткен, дала алқабы өртенуінің жоғары деңгейі тіркелді

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 12-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Статистика мәліметтеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында далалық алқап өртенуінің 13 оқиғасы тіркелген. 2 602 га түгелдей өртеніп, жойылған. Өрттің негізі аумағы Бесқарағай ауданына қарасты, деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Департаменттің ақпараты бойынша, соңғы екі апта ішінде өрт сөндіруге шығу барлық қалыптан асып кеткен. Бір тәулікте өрт сөндірушілер 30-дан астам рет шақыртуларға шығады. Үш демалыс күндері бойы облыста 47 ірі өрт болған.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда құрғақ шөптің өртенуі бойынша 512, ал қоқыстардың өртенуі бойынша 253 шағын өрт оқиғалары тіркелген.

Риддер қаласы Островский көшесіндегі бос жерде 200 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртеніп кеткен. Өрт сөндіру барысында өрт ішінен екі адам табылған. Оның біреуі құтқарушылар келгенше көз жұмған. Денесінің 60 пайызын күйік шалған екінші адам екінші-үшінші дәрежелі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілген.

Өрт сөндіруге қарсы қызметтің инспекторлары нық шешім қабылдаған. Ереже бұзғандарды қатаң жазалар күтуді. Ұсталғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке адамдарға 3 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынатын болады.

Соңғы жаңалықтар