Шығыс Қазақстанда 2025 жылға дейін 33 мектеп салынады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылға дейін 33 мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда 2025 жылға дейін 33 мектеп салынады

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметінше, өңірде мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешу үшін білім ордалары құрылысының қарқыны артпақ. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін 33 жаңа мектеп бой көтереді.

«Сондай-ақ мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мәселенің маңызы әсіресе пандемиядағы онлайн оқыту форматы кезінде айқын көрінді. Осы ретте, шалғай елді мекендерге ғаламтор тартуға басымдық берілген», - делінген хабарламада.

Жоспарға сәйкес жалпы саны 600 мың тұрғыны бар 1 мыңнан астам ауылда интернет сапасы жақсармақ.