Шығыс Қазақстанда 29 конструктор көлік заңдастырылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 29 конструктор көлік заңдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 мамырда Қазақстанда конструктор автокөліктерді заңдастыру басталған болатын. Үш күн ішінде өңір бойынша 226 автокөлік иесі конструктор көлікті заңдастыруға өтінім берді. Оның ішінде 29 адам өз көлігін сәтті заңдастырды.

Осындай үлгідегі автокөлікті алғашқылардың бірі болып заңдастырған Самар ауданының тұрғыны Рафхат Хайруллин.

«Барлық қажетті құжаттарды жинап, заңдастыруға өтініш бердім. Көп ұзамай өтінішім мақұлданды. Кейін мені криминалистің барлық тиісті процедурасынан өту үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жіберді. Екінші кезеңнен өткеннен кейін күту залында 10 минут болдым. Содан кейін маған заңдастырылған көлігімнің нөмірлері мен техникалық паспорт берілді», - дейді ол.

Жалпы бүгінде Шығыс Қазақстанда шетелдік нөмірлері бар 3 мыңға жуық автокөлік заңдастырылған. Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар