Шығыс Қазақстанда 3 көлік өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен, Семей қалаларында және Бородулиха ауданында көлік өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда 3 көлік өртенді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 желтоқсанда Семейдегі Аэропортовский көшесінде орналасқан жер үйдің ауласында «Daewoo Matiz» көлігінің қозғалтқышы өртенген.

«Сондай-ақ, өрт сөндірушілер Өскемендегі Менделеев көшесінде 1992 жылғы «Mazda 626» автокөлігін шарпыған, жалпы ауданы 3 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Бұдан бөлек, Бородулиха ауылындағы «Volkswagen Multivan» көлігіндегі өрт сөндірілген. Көлік қозғалтқышында шыққан қызыл жалынның аумағы 2 шарты метрге жетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Үш оқиғада да өрттің шығу себебі қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.