Шығыс Қазақстанда 42 мыңнан астам адамға вакцина салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 42 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 26 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде 42 200 адам вакцинаның бірінші компонентін алған. Ал 9 073 адам ревакцинациядан өтті. Оның ішінде 1155 мемлекеттік қызметкер, созылмалы аурулармен ауыратын 3617 адам, 10 655 медицина қызметкері, 6020 мұғалім, медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің 1213 маманы, 5681 құқық қорғау және қауіпсіздік органдарының өкілі, 639 учаскелік полиция қызметкері бар.

Сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцинаны тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың 184 қызметкері, өнеркәсіптік кәсіпорындардың 1220 маманы, сауда фирмаларының 103 жұмысшысы, теміржол саласының 59 қызметкері және вахталық әдіспен жұмыс істейтін 27 адам алған. Екпе салдырғандар арасында студенттер саны – 195.

«23 сәуірде өңірімізге вакцинаның бірінші компонентінің 9 мың дозасы, екінші компонентінің 24 мың дозасы жеткізілді. Жалпы облыста 334 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. Оның 8-і Өскемен мен Семей шаһарларының сауда орталықтарында, ал біреуі «Халифа Алтай» мешітінде орналасқан», - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков.


Соңғы жаңалықтар