Шығыс Қазақстанда 53 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 53 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда 53 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда. Облысқа қараша айының басында аталған екпенің 35 100 дозасы келіп түскен.

«Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын алатындар санатындағы халықты иммундау жұмыстары қарқынды жүруде. Аймақ бойынша 12-18 жас аралығында 48032 бала екпе алды. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 1100-ге жуық жүкті және 3700-ден астам бала емізетін әйел екпе салдырған», - делінген ақпаратта.

Осы санаттағы азаматтар вакцинаның екінші компонентін де алуда. Нақты айтқанда, 6 400-ге жуық адам вакциналау процедурасын толықтай аяқтады.