Шығыс Қазақстанда ақылы жол пайда болады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ақылы жол пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда ақылы жол пайда болады

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылы «ҚазАвтоЖол» компаниясы Бесқарағай, Жарма аудандары мен Семей қаласы арқылы өтетін республикалық «Омбы-Майқапшағай» тасжолының учаскесі (Павлодар облысының шекарасы-Қалбатау кенті) бойынша қатынау жүк көліктері үшін ақылы болады. Жол қозғалысын бақылау арнайы жүйенің көмегімен жүзеге асырылады.

«Осы мақсатта өткен жылдың соңында инвесторлардың қаражаты есебінен аталған жол учаскесі бойынша 8 бақылау аркасы орнатылды. Қазіргі уақытта камераларды іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жүру бағасы 5-9 наурыз аралығында Семей мен Шар қалалары, Қалбатау кенті және Бесқарағай ауылында белгіленген қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін анықталады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.