Шығыс Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар жолдарға шектеу енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты төмендегі жолдарда жүруге шектеулер қойылды:
None
None

1.«Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы» (108-123 шақырымдар)

2. «Қарағанды-Аягөз-Боғас» (704-900 шақырымдар, Аягөз қаласынан Ақсуат ауылының бұрылысына дейін);

3. «Омбы -Майқапшағай» (942-1002 шақырымдар, Кеңтарлау ауылынан - Көкпекті ауылына дейін); Сонымен қатар, келесі жолдарда қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды: 5. «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары» (6-66 шақырымдар, Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына бұрылысқа дейін); 6. «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары» (100-167 шақырым, Октябрь кентінен Зырян қаласына дейін). Сондай-ақ мына автожолда қоғамдық және жүк автокөлігі үшін қозғалыс шектелді: 7. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (25-105 шақырымдар, Михайловка ауылынан Риддер қаласына дейін); 8. «Алматы-Өскемен» (977-1073 шақырымдар, Қалбатау ауылынан Қ.Қайсенов ауылына дейін). 29.12.2015 ж. сағат 16.45 ауа райының бұзылуына байланысты тіркемесі бар жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды: 9. «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» (54-102 шақырымдар, Первомайка кентінен Шемонаиха қаласына дейін). Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбор-Алматы» 1492-1858 шақырымдар Қарағандыдан Балхашқа дейінгі учаскеде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Қазір Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстарында жолдар ашылды.

Соңғы жаңалықтар