Шығыс Қазақстанда автожолдардың бірі қайта ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірі қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда автожолдардың бірі қайта ашылды

«Қазавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметіне сүйенсек, ауа райы жылынып, боранның беті қайтқан.

Осыған байланысты 8 ақпан сағат 17:40-тан бастап республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолының 971-1041 шақырымында (Қалбатау ауылы мен Қасым Қайсенов кентінің аралығы) көлік қозғалысына рұқсат берілген.

Осы ретте ШҚО төтенше жағдайлар департаменті өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.