19:55, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда аздаған қарлы бұрқасын болады - 20 ақпанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің болжамынша, ертең Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ орнап, жел күшейеді.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында 22-27 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 30 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қарлы бұрқасын болады, Жарма ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ты құрайды.