Шығыс Қазақстанда биыл 25 миллионнан астам ағаш отырғызылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 25 миллионнан астам ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда биыл 25 миллионнан астам ағаш отырғызылды

ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметіне сүйенсек, биыл өңірдің орман шаруашылығы және табиғат қорғау мекемелері 4 500 гектардан астам аумаққа 25 миллионнан астам ағаш отырғызды.

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты 22 миллионға жуық ағаш екті. Катонқарағай ұлттық паркінің ұжымы 38 гектар жерге 184 мың түп жасыл желек отырғызды. Сондай-ақ осы шарада коммуналдық орман шаруашылығы мекемелері де белсенді жұмыс жүргізуде», - деді инспекция басшысы Ділдәбек Оразбаев.